04 маусым 2014 15:18

Су добындағы апайтөс жігіттеріміз де ақтық сынға шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fina.org сайтынан Фото fina.org сайтынан

Cу добынан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы да Әлемдік лиганың финалдық додасына шыға алмай, електік сында алтыншы орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Cу добынан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы да Әлемдік лиганың финалдық додасына шыға алмай, електік сында алтыншы орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мамырдың екінші жартысында су добынан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Әлемдік лиганың електік додасына қатысып, жетінші орынды көңілге медеу тұтқан болатын. Риверсайдте (АҚШ-та) өткен әйелдер арасындағы Құрлықаралық іріктеу турнирі аяқталысымен, Қытайда тура осындай ерлер арасындағы електік сын басталды.

Ерлер арасындағы Құрлықаралық іріктеу турнирі Шаңхайда ұйымдастырылды. Оған жеті мемлекеттің ватерполшылары қатысты. Негізі, електік додаға сегіз құрама қатысуы керек болатын. Бірақ Оңтүстік Африка республикасының ватерполшылары кела алмапты.

Әйтсе де, бұл дода алдын-ала бөлінген екі топта басталды. «В» тобындағы бір құрама жоқ болғандықтан, барлық құрамалар бірдей жағдай да болу үшін ұйымдастырушылар келмей алмай қалған Оңтүстік Африка ватерполшыларының орнына Қытайдың екінші құрамасын қосты. Бірақ Қытай-2 құрамасы был сынға бәйгеден тыс қатысты.

Қазақстан ұлттық құрамасы «А» тобына түскен болатын. Олар топтық кезеңдегі ойындарын Жапония жігіттерімен бастап, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші күнгі матчта Австралия ватерполшыларынан 7:11 есебімен ұтылып қалды. Бұдан соң Канада құрамасына да 6:8 есебімен есе жіберіп алды.

Сөйтіп, үш ұпаймен өз тобында үшінші орынмен шектелді. Ширек финадық сатыда «В» тобында екінші орын алған Бразилия жігіттерімен кездесіп, 7:8 есебімен тағы де жеңілістің кермек дәмін татты.

Бұдан кейін 5-8 орындарды сарапқа салатын төрттікте Қытай-2 құрамасымен кездесіп, 14:4 есебімен үстемдік танытты. Ал 5-орын үшін өткен маңызды матчта қайтадан Канада құрамасымен кездесіп, 8:9 есебімен екінші рет ұтылып қалды.

Негізі, осы ойында жеңіске жеткен команда Құрлықаралық іріктеу турниріндегі соңғы жолдамаға ие болар еді. Өкінішке қарай, жігіттеріміз шешуші ойында сүрініп, 6-орынмен шектелді.

Жалпы, ерлер арасындағы Әлемдік лиганың суперфиналы 16-21 маусым күндері Дубайда өтеді. Оған әлемнің сегіз үздік құрамасы қатысады.

Құрлықаралық іріктеу турнирінде сарапқа салынған бес жолдаманы АҚШ, Бразилия, Австралия, Қытай және Канада құрамалары жеңіп алды. Ал бұдан ертеректе Еуропаға бөлінген үш жолдаманы өз топтарында жеңімпаз атанып, Сербия, Венгрия және Черногория ватерполшылары еншілеген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети