07 қараша 2014 13:41

Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Светлана Подобедова жаттығу залында. ©REUTERS Светлана Подобедова жаттығу залында. ©REUTERS

Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жарақатына байланысты ауыр атлетикадан Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Әлемнің екі дүркін чемпионы және Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова жарақатына байланысты ауыр атлетикадан Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Журналистерге бұл туралы Қазақстан құрамасының бапкері Алексей Ни мәлімдеді. Оның айтуынша, Подобедова 5 қарашада жарақат алған. Ал оған дейін оның жағдайы жақсы болған және өз категориясында ауыр атлетикадан 2014 ӘЧ-да жеңуге үміткер болды. Дәрігерлер оған сол жамбасының үстіңгі бұлшықеті жарым-жартылай үзілген деген диагноз қойды. Енді ол қайта қалпына келу үшін бір ай шамасында күтуі керек. Подобедованы кімнің алмастыратыны жайлы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Сонымен қатар, Қазақстанның атынан шығатын Майя Манеза жаңа салмақ категориясында қатысады - 69 келіге дейін. Бұл туралы толығырақ және республиканың әйелдер арасында тағы кімдер жарысқа қатысатынын мына жерден оқи аласыздар.

Ал бұған дейін ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионатына олимпиаданың қазіргі сегіз чемпионы қатысатыны хабарланған. Оның ішінде үшеуі - қазақстандық. Біріншілікте еліміздің атынан Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Илья Ильин шығады. Олардың қарсыластары - Корей Халық Демократиялық Республикасы атынан шығатын Ом Юн Чоль, Ким Ун Гук и Рим Чон Сим, поляктың ауыратлеті Адриан Зелинский және Ираннан Бехдад Салимикордашиаби. Илья Ильин алтын алуды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында өтеді. KazSport телеарнасы чемпионатты тікелей эфирден көрсетеді. Билет қүны - 500-15000 теңге аралығында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети