02 мамыр 2019 | 17:52

Таеквондодан әлем біріншілігіне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамыр айында таеквондодан осы жылғы ең беделді жарыс өтеді. Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Мамыр айында таеквондодан осы жылғы ең беделді жарыс өтеді. Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Әлем чемпионатында ең мықты таеквондошылар анықталып қоймай, олимпиадалық лицензияға таласуға қажетті маңызды рейтингтік ұпайларды жинауға мүмкіндік береді.

Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Манчестердегі жарысқа қатысатын спортшыларды іріктеп алды. Ұлыбританияда төселетін даянгте 16 қазақстандық таеквондошы медальға таласады. Ерлер арасында Самат Темірхан (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Эльдар Бірімбай (63 келі), Нұрсұлтан Мамаев (68 келі), Қайрат Сарымсақов (74 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі) және Руслан Жапаров  (+87 келі).

Қыздар арасындағы жарысқа Айнұр Уашпай (46 келі), Айнұр Есбергенова (49 келі), Фариза Алданғарова (53 келі), Ботагөз Қопанова (57 келі), Фатима Жақсыбаева (62 келі), Ақсәуле Ерқасымова (67 келі),  Жансель Дениз (73 келі), Мереке Жүнісова (+73 келі).

Жарыс кезінде қандай мақсат қойылғандығы туралы команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов қысқа қайырды.

"Бір-екі медаль жеңіп алғымыз келеді. Қазір Оңтүстік Кореяда чемпионатқа дайындалып жатырмыз", - деді Батырбек Естдәулетов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети