Қазақстандық спортшы Нұрлан Мырзабаев Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында жарысында қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық спортшы Нұрлан Мырзабаев Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарында жарысында қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Таэквондодан 80 келі салмақта жартылай финалда қазақстандықтың қарсыласы кореялық Хванджун Ли болды. Мырзабаев 16-17 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына бүгін төртінші қола медаль түсті. Осыған дейін, Азиада-2018 жарысында семсерлесуден ерлер мен әйелдер командасы және бойдаркамен жарыста Александр Куликов қола медальды қанжығасына байлаған еді.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 17 медаль алды, оның біреуі алтын, бес күміс және 11 қола. Азия ойындары-2018 2 қыркүйекке дейін жалғасады.