19 наурыз 2014 | 17:32

Таэквондошыларымыз жауынгерлік рухтарымен көзге түсіп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет kaztkd.kz сайтынан Сурет kaztkd.kz сайтынан

Бүгін Тайпейде таэквондодан маңызды турнир басталды. Онда тамыз айында өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының Қытайдың Нанкин қаласында өтетіндігін жариялағанбыз. Осы дүбірлі доданың жолдамалары Тайпейде сарапқа салынады. ҚР таэквондо федерациясының баспасөз қызметі бұл турнирге еліміздің жасөспірімдер құрамасы мына қыз-жігіттерімізді үкілеп қосатындығын жариялады: Бозбалалар: Ғалымжан Серікбай, 48 келі с/д; Абзал Кәрішал, 63 келі с/д; Еркебұлан Әбілқас, 73 келі с/д. Бойжеткендер: Нұрилә Убайдулла, 44 келі с/д; Жазира Сапарбек, 49 келі с/д; Ғания Әлзақ, 63 келі с/д. Бапкерлер құрамы өз шәкірттеріне ерекше сенім артып отыр. Ал отандық таэквондо федерациясының басшылары "болашақта осы спорт түріндегі ұл-қыздарымыз да ел намысын абыроймен қорғайды" деп сенеді. Бұл ретте ҚР таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким былай дейді: – Қазақстан спортшылары бокс және күрес сынды жекпе-жек түрлерінде тұрақты беделге ие болды. Мен қазақстандықтар атой салатын келесі жекпе-жек түрі таэквондо болатындығына кәміл сенемін. Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы басшыларының өздері біздің спортшылардың жауынгерлік рухтарына, жеңіске деген қайсарлықтарына және тамаша техникаларына қазірден тәнті болып жүр. Мен біздің спортшыларға сәттілік және жеңіс тілеймін. Іле-шала, яғни 23-26 наурыз күндері дәл осы Тайпейде екі жылда бір ұйымдастырылатын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Бүкіләлемдік біріншілікке Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 20 таэквондошымызды қосады: Бозбалалар: 45 келі: Бекарыс Маратұлы 48 келі: Артур Ким (2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері) 51 келі: Сағдат Жолдасбаев 55 келі: Азамат Үсейінов 59 келі: Нұрғиса Жолдас 63 келі: Ринат Қуанышбаев 68 келі: Магомед Башир Цечеев 73 келі: Сұлтан Қалибекұлы 78 келі: Рахым Әділхан + 78 келі: Саян Мәулетханов (2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері) Бойжеткендер 42 келі: Динара Әбдіржан 44 келі: Нұрилә Убайдулла 46 келі: Тойжан Қыдырбекова 49 келі: Аяулым Сұлтанбаева 52 келі: Айнұр Есбергенова 55 келі: Анастасия Островская 59 келі: Гүлжайна Мұхтарова 63 келі: Әсел Қойлыбай 68 келі: Мәдина Қайыржанова + 68 келі: Айгүл Елубай Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары Бақытжан Райбеков пен Мырзағали Сұранов осы екі маңызды сынға таэквондошыларымызды мейілінше дайындады. Дайындық жұмыстары үш кезеңге бөлініп өткізілді. 9-28 қаңтар аралығында "Медеу" мұзайдынындағы спорт кешенде жаттықса, одан кейін таэквондоның отаны Оңтүстік Кореяға барып, Сеулде 4-18 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Одан кейін 20-22 ақпан аралығында "Фуджэйра Оупен" турниріне қатысып, бақтарын сынады. Ондағы көрсеткіштері жаман болған жоқ, жас жеткіншектеріміз сегіз жүлде олжалады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети