Екатерина Столяренко (оң жақта). Сурет nanjing2013.org сайтынан
Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі 15 жастағы Екатерина Столяренко 2013 жылы допинг-бақылаудан өте алмаған 11-ші қазақстандық штангашы болып тіркелді, деп хабарлайды отандық Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz. 58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Столяренко 2013 жылдың тамызында Қытайдың Наньцзинь қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші орынға ие болып, қола медальға қол жеткізген. Сол додадан кейін допинг-тестін тапсырған Столяренконың қанынан станозолол деп аталатын тиым салынған дәрмектің белгісі табылыпты. Енді жерлесіміз сол жүлдесін қайтаруға мәжбүр болады. Бұған дейін де Екатерина Столяренко халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерді көрсетіп жүрді. 2012 жылы Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанса, 2013 жылы өз құрбыларының арасында әлем чемпионатында 13-орынға тұрақтаған. Өкіншке қарай, допинг-бақылаудан өте алмаған қазақстандық толағайлардың қатары уақыт өткен сайын артып барады. Столяренко допингпен ұсталған ауыр атлеттеріміздің тізімінде 11-ші болып тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында 9 спортшымыз допинг-бақылаудан өте алмаған еді. Олардың қатарында Азия чемпиондары Александра Аборнева мен Александр Зайчиков та бар. Ал 2014 жылдың қаңтарында бұл тізімге Қазан Универсиадасының жеңімпазы Фархад Харки қосылды. Енді міне, Екатерина Столяренко да допингпен ұсталып, өзге толағайларымыз секілді екі жылға үлкен спорттан шеттетілді. Айтпақшы, Харкидің жағдайынан кейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы дисквалификацияға ұшыраған толағайларымыздың жайы туралы түсініктеме беріп, Халықаралық антидопингтік агенттікке 500 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлегендерін және елімізде допинг-бақылаудың күшейтілетіні жөнінде мәлімдеме жасаған болатын.
Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі 15 жастағы Екатерина Столяренко 2013 жылы допинг-бақылаудан өте алмаған 11-ші қазақстандық штангашы болып тіркелді, деп хабарлайды отандық Vesti.kz сайтына сүйенген Tengrinews.kz.
58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Столяренко 2013 жылдың тамызында Қытайдың Наньцзинь қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші орынға ие болып, қола медальға қол жеткізген. Сол додадан кейін допинг-тестін тапсырған Столяренконың қанынан станозолол деп аталатын тиым салынған дәрмектің белгісі табылыпты. Енді жерлесіміз сол жүлдесін қайтаруға мәжбүр болады.
Бұған дейін де Екатерина Столяренко халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерді көрсетіп жүрді. 2012 жылы Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанса, 2013 жылы өз құрбыларының арасында әлем чемпионатында 13-орынға тұрақтаған.
Өкіншке қарай, допинг-бақылаудан өте алмаған қазақстандық толағайлардың қатары уақыт өткен сайын артып барады. Столяренко допингпен ұсталған ауыр атлеттеріміздің тізімінде 11-ші болып тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында 9 спортшымыз допинг-бақылаудан өте алмаған еді. Олардың қатарында Азия чемпиондары Александра Аборнева мен Александр Зайчиков та бар. Ал 2014 жылдың қаңтарында бұл тізімге Қазан Универсиадасының жеңімпазы Фархад Харки қосылды. Енді міне, Екатерина Столяренко да допингпен ұсталып, өзге толағайларымыз секілді екі жылға үлкен спорттан шеттетілді.
Айтпақшы, Харкидің жағдайынан кейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы дисквалификацияға ұшыраған толағайларымыздың жайы туралы түсініктеме беріп, Халықаралық антидопингтік агенттікке 500 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлегендерін және елімізде допинг-бақылаудың күшейтілетіні жөнінде мәлімдеме жасаған болатын.