Талантты спортшылар неге құрамаға алынбайды? Министр жауабы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, талантты бала басынан бастап дарынды жаттықтырушылардың жетекшілігінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, талантты бала басынан бастап дарынды жаттықтырушылардың жетекшілігінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің құрама кейінгі Олимпиадада өнер көрсеткеннен кейін көптеген сұрақ туындады. Осы жылдар ішінде спортшыларды даярлау жүйесі жасақталды, бірақ әлі де жетілдіруді талап етеді. Қосалқы топ дайындау бойынша да сұрақтар бар. Бес сатылы бағдарлама бар. Ұлттық жинақтау орталығына келе бастаған соң олар бірнеше ұйымға: Олимпиадаға даярлау орталықтарына (КҚКО), жоғары шеберлік мектептеріне барады. Ақыр аяғында мақсатты дайындық нәтижесіз болып шығады", - деді ол.

Министрдің айтуынша, талантты спортшылар көбінесе құрамаға алынбайды, өйткені оның мөлшері 1994 жылдан бері жаңартылмаған, бар-жоғы - 1000.

"Ол кезде (1994 жылы) тек 60 спорт түрі болған. Мүмкін, сол жеткілікті болған шығар. Бүгінде саны өте көп, сондықтан дарынды балалар штатқа алынбайды. Бұл санды үш мыңға дейін заңнамалық тұрғыда ұлғайту міндетін қойдық. Сондай-ақ, талантты бала дарынды жаттықтырушылардың жетекшілігінде болады. Ол ешқашан көшеде қалмайтынын біледі және қалаған кезде университетте оқуын жалғастыра алады. Белгілі бір жетістікке жетсе, ҰБТ-дан босатылады. Сондай-ақ, ұлттық команда штатында болады", - деп түйіндеді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, министрлік басшысы елімізде тоғыз олимпиадалық даярлау орталығы қалпына келтірілетінін айтты.

"Олимпиадалық даярлау орталықтары туралы айтсақ, өздеріңіз білесіздер, 2020 жылы Мемлекет басшысы квазимемлекеттік ұйымдардың штат санын азайту туралы тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау мақсатында тек әкімшілік-басқару қызметкерлері ғана қысқартылды. Яғни, жаттықтырушылар да, спортшылар да зардап шеккен жоқ. Осы тоғыз орталыққа да әсер еткен жоқ. Бүгінгі таңда бұл дұрыс қадам емес екенін көріп отырмыз. Біз осы тоғыз КҚКО-ны әкімшілік-басқару қызметкерлерімен бірге қалпына келтіру үшін барлық материалды дайындап, жұмыс істейміз", - деді Райымқұлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro