Қазақстан әншісі, ресейлік "Голос" шоуының финалисі Диана Шарапова Олимпиада-2022 ойындарын Алматыда өткізуге қолдау көрсетіп, бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан әншісі, ресейлік "Голос" шоуының финалисі Диана Шарапова Олимпиада-2022 ойындарын Алматыда өткізуге қолдау көрсетіп, бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейнебаян "Алма-Ата" әніне түсірілді. Орындаушы бұл әнмен 2013 жылы "Алматым жүрегімде" конкурсында бірінші орын алған. "Ән бәрінен бұрын оңтүстік астанаға деген махаббат туралы, қаланың қайталанбас атмосферасы, ерекше аурасы мен қонақжай тұрғындары жайлы", - деді Диана Шарапова.
Бейнебаянға қаланың ерекше жерлері "Медеу" мұзайдыны, "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені, Тұңғыш Президент саябағы, Республика сарайы және цирк түсірілді. Әншінің айтуынша, Алматы - өзіміздің таңғажайып, жайлы қаламыз. "Жайлы саябақтарда таудың әдемі көрінісіне қарап, сағаттап серуендеуге болады. Спортпен айналысқан қандай жақсы!", - деді орындаушы.
Әнші 2011 жылғы Азия ойындарындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстанның бірінші орын алғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол 2017 жылы өтетін қысқы Универсиаданың да спортты жаңа деңгейге көтеретініне сенімді. "Осындай ірі іс-шараларды өткізудегі тәжірибемізді ескере отырып, отанымызда әлемнің басты спорт шарасы - қысқы Олимпиада-2022 ойындарын өткізіп, арманымызды жүзеге асыра аламыз" деді Шарапова.
Айта кетейік, Халықаралық олимпиада комитетінің атқарушы комитеті 2014 жылдың шілде айында Олимпиада-2022 ойындарын қабылдау құқығына үміткер деп Алматы, Осло және Бейжің қалаларын бекіткен еді, бірақ 1 қарашада Норвегия өз өтінішін қайтарып алды. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының үміткер қалалардың қайсысында өтетіні 2015 жылдың шілде айында жария етіледі.