Танымал баскетболшы Шакил О’Нил Ақтауда түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал баскетболшы Шакил О’Нил Ақтауда түсірілген видеоны жариялады © СПОРТ bigmir)net

Америкалық баскетболшы Instagram желісіндегі парақшасында Aktau Open Fest шарасы барысында түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды "ЛАДА".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық баскетболшы Instagram желісіндегі парақшасында Aktau Open Fest шарасы барысында түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды "ЛАДА".

Видеода 2014 жылғы Aktau Open Fest шарасы кезінде "Алаң қаһармандары" ("Heroes Of The Courts") командасының баскетболшысының доп салу барысында сәтсіз құлағаны түсірілген. 

Шакил О’Нил өзінің Shaqtin' a Fool - Inside the NBA телебағдарламасының биылғы маусымын осы видеодан бастады. Бірінші бұл видеоны украиналық стритболшы Илья Кроха жариялады,сосын америкалық Complex басылымы, ары қарай әйгілі баскетболшы да қалыс қалмады. 

"Алаң қаһармандары" ("Heroes Of The Courts") командасы 2014 жылы Aktau Open Fest шарасында өнер көрсетті. Биыл осы шараны өткізуден бас тартты. 

Шакил О’Нил - америкалық баскетболшы әрі актер. Олимпиада чемпионы (1996 жыл), әлем чемпионы (1994), NBA төрт дүркін чемпионы. NBA тарихындағы ең үздік 50 спортшылар тізіміне енген. Қазіргі уақытта Шакил О’Нил TNT спорттық арнасында комментатор болып қызмет атқарады. 2016 жылғы баскетболшылардың Даңқ залы мүшесі. Оның бойы - екі метр 16 сантиметр.  

 

Shaqtin a fool comin soon #itsabouttime

Публикация от DR. SHAQUILLE O'NEAL Ed.D. (@shaq)

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети