Тараз боз кілемінде Қонаевты еске түсіреміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз боз кілемінде Қонаевты еске түсіреміз Фото confederation.kz сайтынан

25-27 шілде күндері Тараз қаласында еркін күрестен кемеңгер мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске түсіруге арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25-27 шілде күндері Тараз қаласында еркін күрестен кемеңгер мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске түсіруге арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, дәстүрлі турнирге тоғыз елдің балуандары келіп қатысады. Атап айтқанда, Тараз төріне төселетін боз кілемде Иран, Италия, Украина, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Нигерия, Тәжікстан және Қазақстан балуандары белдеседі.

Осы орайда еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Руслан Өмірәлиев біздің елдегі халықаралық турнирге Еуропа, Азия және Африкадан білекті балуандар, қарымды қарсыластар келетіндігіне қуанып жүргендігін білдірді.

"Бүгінде балуандарымыз Таразда өтетін халықаралық турнирге мейілінше әзірленіп жатыр. Қонаев турнирі дайындығымызды пысықтап алу үшін өте қажет. Алда – әлем чемпионаты мен Азия ойындары. Бұл – соған дейін жігіттеріміздің күшін-жігерлерін бағамдап алуға болатын тамаша мүмкіндік. Тараздағы турнирге өте қарымды құрамалардың келетініне қуанып отырмын. Жігіттер деңгейі жоғары балуандармен күресіп, жетіле түседі. Өз кезегімізде, Азия ойындары мен әлем чемпионатына қатысатын барлық балуандарымызды осы сында бір тексеріп алуды көздеп отырмыз", – дейді бас бапкер.

Осы турнирден кейін, еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары 6-22 тамыз аралығында Минскіде Әзірбайжан және Беларусь құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 8-14 қыркүйек күндері Ташкентте өтетін әлем чемпионаты аяқталысымен, балуандарымыз бірден Оңтүстік Кореяға жол тартады.

Жазғы Азия ойындарына ертерек барып, жергілікті климатқа бейімделу ойластырылған. Еркін күрес шеберлерінің әлем чемпионаты мен Азия ойындарындағы басты мақсаттары – ел намысын абыройымен қорғау.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети