Tartyl Fest. Турникке тартылудан республикалық сайыс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tartyl Fest. Турникке тартылудан республикалық сайыс басталды

Бүгін, 10 шілдеде Қонаев қаласында турникке тартылудан республикалық Tartyl Fest спорт фестивалі басталды. Шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Dara" дарындыларды қолдау қорының" ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Спорттық сайыс 6 қыркүйекке дейін еліміздің 20 қаласында жалауын көтереді.   

Білек күшін сынауға кез келген адамның мүмкіндігі бар. Қатысушылар жасы мен салмағына қарай 9 категория бойынша сынға түседі. Жарысты ресми әділқазылар алқасы бағалайды. Аймақтардан топ жарған мықтылар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алады. Жарыс қорытындысы бойынша гранд-финал жеңімпаздары әлем чемпионатына қатысып, халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғайды. 

Жоба жетекшісі әрі амбассадоры Қазақстандағы Street Workout орталықтардың негізін қалаушылардың бірі, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов. Ол - Street Workout бойынша Қазақстанның және әлемнің бірнеше мәрте рекордсмені, Street Lifting спортынан Еуропадағы бірқатар турнир жеңімпазы атанған.

Әр қала бойынша жүлде қоры - 3 400 000 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалдың жүлде қоры - 54 000 000 теңге.

Сайысқа қатысу үшін өтінішті қор сайтына жолдауға болады. Фестиваль туралы толық ақпарат та осы порталда.

Street Workout – әуесқойларға арналған спорт түрі. Жарыс қатысушылары қала көшелеріндегі ашық спорт алаңдарында сынға түседі. Турникке барынша көп тартылған сайын ақшалай жүлдені ұту мүмкіндігі артады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети