"Теңдессіз чемпион боламын". Порье Хабибті жеңетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Теңдессіз чемпион боламын". Порье Хабибті жеңетінін айтты © UFC

UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсетет Дастин Порье келесу кездесуі туралы ойымен бөлісті. Ол жақын арада Хабиб Нурагомедовпен кездесуге дайын екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі Sports.ru порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC ұйымында жеңіл салмақта өнер көрсетет Дастин Порье келесу кездесуі туралы ойымен бөлісті. Ол жақын арада Хабиб Нурагомедовпен кездесуге дайын екен, деп жазады Vesti.kz тілшісі Sports.ru порталына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде Нурмагомедов Порьені қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Ал өткен сенбіде Порье Дэн Хукерге қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жетті. 

Нурмагомедов келесі кездесуін 19 қыркүйек күні Абу-Даби қаласында болатын UFC 253 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңіл салмақта ұйымның уақытша чемпионы Джастин Гэтжи болып қалуы мүмкін. 

"Джастин Гэтжи Хабиб Нурмагомедовті жеңетін болса, маған чемпиондық жекпе-жек бұйыратын шығар. Джастинді жеңетініме сенімдімін. Соңғы рет Гэтжиді жеңген мен едім. Ол да менімен кездескісі келетінін білемін. 

Мен өзімді әлемдегі ең үздік спортшы санаймын. Хабибке қарсы кездесуде қателік жібергенімді де білемін. Бірақ, оны жеңе аламын. Ол қолымнан келеді. 

Ешкімнен есемді қайтарғым келмейді. Менің басты мақсатым - әлемнің теңдессіз чемпионы болу", - деді Порье. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети