Теңгенің әлсіреуіне қарамастан Рио-де-Жанейро олимпиадасында жеңіске жеткен қазақстандықтардың сыйақысы азаймайды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Алтын медаль алған спортшылар 250 мың доллар, күміс медаль алғандарға 150 мың доллар, ал қола медаль алғандарға 75 мың доллар беріледі.

Сонымен қатар, үздік алтылыққа енгендерге: 30 мың доллар төртінші орын үшін, 10 мың доллар бесінші орын үшін және 5 мың доллар алтыншы орын үшін беріледі. Тура осы сомада олардың бапкерлері де алады. Төлем теңгемен жасалады. Нәтижесінде олар 2012 жылғы бағаммен салыстырғанда екі есе көп алғалы отыр. Айта кетсек, 2012 жылы доллар 149 теңгеге тең еді. Қазіргі уақытта шетел валютасы 380 шамасында. Қазіргі бағаммен есептеп көрсек, алтын медаль алатындар 95 миллион теңге алады, ал 2012 жылы спортшылар 37 миллионнан алған еді.
Айта кетейік, 2012 жылы Қазақстан медальдар үшін алатын сыйақының көлемі бойынша үшінші орын алған еді. Бірінші орында Грузия тұрды, бұл ел алтын медаль алған спортшысына 1,2 миллион доллар берді, ал Әзірбайжан алтын медаль алған спортшысына 510 мың доллар берді.