Тоқаев Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтап, орденмен марапаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтап, орденмен марапаттады Фото: FIDE баспасөз қызметі

Бибісара Асаубаева Дохада өткен блиц бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. 21 жастағы спортшы - шахматтың осы түрінен әлемнің үш дүркін чемпионы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бибісара Асаубаева Дохада өткен блиц бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті. 21 жастағы спортшы - шахматтың осы түрінен әлемнің үш дүркін чемпионы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рапид және блиц бойынша 2025 жылғы әлем чемпионаты (2025 FIDE World Rapid & Blitz Championships) Қатар астанасы Дохада өтті. 3+2 блиц бойынша әйелдер арасындағы жарыста Бибісара Асаубаева жеңімпаз атанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

"Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады. Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым", – деп жазылған құттықтауда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды

Валюта бағамы

 502.51  course up  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети