Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясы президентін қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz/ Фото: akorda.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадий Дворковичті Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті лауазымына жуырда қайта сайлануымен құттықтады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

"Қазақстанда шахмат кеңінен танымал, әсіресе балалар мен жастар арасында. Бізде 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді, дегенмен бұл көрсеткішті кемінде екі есе арттыруға тиіспіз. Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Қазақстандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Біз бұл спортты қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың Жол картасы әзірленді. "Мектептегі шахмат" ауқымды жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Аркадий Дворкович Қазақстанда шахматты жеке қолдағаны және танымал спортқа айналдырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ФИДЕ шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар олар Қазақстан мен ФИДЕ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасып, елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу перспективаларын талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro