Токио Олимпиадасы: 25 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: 25 шілдеде кімдер жарысқа шығады? Фото: olympic.kz©

25 шілдеде Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 12 спорт түрі бойынша бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 шілдеде Қазақстан құрамасы Токио Олимпиадасында 12 спорт түрі бойынша бақ сынасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең жарыс жолына дзюдошы Ерлан Серікжанов, ауыратлет Игорь Сон, боксшы Зәкір Сафиуллин шығады.

25 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Стенд ату. Скит. Әйелдер. Іріктеу
6:00. Зоя Кравченко, Әсем Орынбай

Дзюдо. Ерлер, 66 келіге дейінгі салмақ
8:00. Ерлан Серікжанов – Орхан Сафаров (Әзербайжан)

Теннис. Бірінші айналым
8:00. Юлия Путинцева – Надя Подороска
10:00. Михаил Кукушкин - Федерико Кория
12:00. Ярослава Шведова – Айла Томлянович

Академиялық есу. Ширек финал. Ерлер. Жекелей сын.
9:00. Владислав Яковлев

Семсерлесу. Ерлер. Жекелей сын. 1/16 финал
9:45. Руслан Құрбанов – Марко Фичера (Италия)

Оқ ату. 10 метр, пневматикалық винтовка. Ерлер. Іріктеу
10:00. Юрий Юрков

Есу слаломы. Бірінші мүмкіндік. 
10:00. Александр Куликов. Ерлер, каноэ
10:50. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка
12:08. Александр Куликов. Ерлер, каноэ
12:58. Екатерина Смирнова. Әйелдер, байдарка

Үстел теннисі. Екінші айналым
12:30. Кирилл Герасименко – Любомир Янкарик (Чехия)

Ауыр атлетика. Ерлер, 61 келіге дейін.
12:50. Игорь Сон

Жүзу. 100 метр, арқамен жүзу. Әйелдер.
16:04. Диана Назарова

Бокс. Бірінші кезең. 63 кг
16:24. Зәкір Сафиуллин - Леодан Пезо Сабойя (Перу)

Су добы. Ерлер. Топтық кезең
16:50. Қазақстан - Хорватия

Еске салайық, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына 23 шілдеде басталған болатын. 24 шілдеде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түскен - дзюдошы Елдос Сметов қола жүлде иеленген болатын. Олимпиада 8 шілдеге дейін жалғасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети