Токио Олимпиадасы: 4 тамызда кімдер жарысқа шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: 4 тамызда кімдер жарысқа шығады? Фото: olympic.kz. Тұрар Қазанғапов©

4 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасында төрт спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалдағы кездесуін өткізеді. Сонымен қатар, еркін күрес жарысы басталады. Қазақстан атынан бірінші болып Нұрислам Санаев шығады. 

Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 200 метр
07:12. Маргарита Торлопова

Байдарка мен каноэде есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр
07:47. Наталья Сергеева

Еркін күрес. Ерлер, 57 келі. 1/8 финал
08:30. Нұрислам Санаев - Диамантину Иуна Фафе (Гвинея-Бисау)

Бокс. Ерлер, 91 келіден жоғары. Жартылай финал
12:18. Қамшыбек Қоңқабаев - Ричард Торрес (АҚШ)

Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу
12:30. Сергей Пономарев.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети