Токио Олимпиадасы екі жылдан кейін өтуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы екі жылдан кейін өтуі мүмкін © EPA-EFE

Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты бір немесе екі жылдан кейін өтуі мүмкін. Бұл туралы жапониялық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиге сілтеме жасап Wall Street Journal мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жазғы ойындарды өткізбей қоймай, уақытын шегеретін шығар. Олимпиада өтпейтін болса, ХОК қиын жағдайда қалады", - деді Такахаши. 

Комитет мүшесінің айтуынша, Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады, себебі ол кезге маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан ол Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс деп санайтынын айтты. 

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған. Ойындарды ұйымдастыру комитеті жағдайды бақылап отыратын арнайы жұмыс тобын құратынын мәлімдеген болатын. Бұған дейін Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты жыл соңына шегерілуі мүмкін екені жазылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети