26 шілде 2021 11:11

Токио Олимпиадасы: Жансай Смағұлов ширек финалға шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансай Смағұлов. Фото: olympic.kz, Сали Сәбіров© Жансай Смағұлов. Фото: olympic.kz, Сали Сәбіров©

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Смағұлов 1/8 финалда канадалық Артур Маркелидоннан жеңіліп қалды. 

Бірінші кезеңде Жансай армениялық Фердинанд Карапетянмен кездесіп, "вазари" ұпайымен жеңген болатын. 

28 жастағы Смағұлов 2016 жылғы Олимпиада ойындарына да қатысқан. Сол кезде де дзюдошы жарысты екінші кезеңнен аяқтаған болатын.   

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Кеше дзюдошы Елдос Сметов, ал бүгін ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети