Токио Олимпиадасы: Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды Фото ©REUTERS

Қазақстандық ауыратлет Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық ауыратлет Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 90 келіні еңсерді. Кейін екі мәрте 93 келіні көтерген, бірақ төрешілер есепке алмады. Сондықтан алғашқы жаттығудан кейін ол 7-орында тұрды. Ал серпе көтеруде спортшымыз 123 келі зілтемірді бағындырды. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 216 келіні көтерді. 

Осылайша, Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында қола медаль иеленді. 

Айта кетейік, кеше 28 жасқа толған Чиншанло үш дүркін әлем чемпионы атанған. Ал 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген, алайда кейін допинг дауына байланысты жүлдесінен айырылған болатын. 

Еске салайық, бұл Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленген еді.  

Токио Олимпиадасы: 27 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети