08 тамыз 2021 10:50

Токио Олимпиадасында жаңа рекорд тіркелді - ХОК басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Токиодағы Олимпиада ойындарында 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды. Бұл - Олимпиада ойындарының рекорды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Токиодағы Олимпиада ойындарында 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды. Бұл - Олимпиада ойындарының рекорды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

2020 жылғы ойындарға 205 Ұлттық Олимпиада комитетінің спортшылары, сондай-ақ босқындар командасы қатысқан.

"Токиода жаңа рекорд тіркелді. 93 Ұлттық Олимпиада комитеті кем дегенде бір медаль жеңіп алды, бұл алдыңғы рекордтан алты есе көп", - деді Бах ХОК сессиясында.

Токиодағы Олимпиада ойындары бүгін, жексенбіде аяқталады. Барлық жарыс көрерменсіз өтті.

"Олимпиада COVID-19 таралмады. Ойынға қатысушылардың 0,02 пайызынан ғана оң сынама нәтижесі алынды. Бұл өте төмен көрсеткіш", - деді Бах.

Кеше, 7 тамызда Қазақстан Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарын ресми түрде аяқтады.

Ұлттық құраманың қоржынына соңғы медальді каратэші Софья Берульцева салды. 20 жастағы спортшы жартылай финалда Мысыр өкілі Ферял Абделазизмен кездесіп, жеңіліп қалды. Есеп - 5:4. Софья Берульцева Ойындардың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, қазақстандық спортшылар Токиода сегіз медаль жеңіп алды - барлығы "қола". Қазіргі уақытта Қазақстан медальдар есебінде 81-орында тұр.

Қазақстан құрамасында 2020 жылғы Олимпиада жүлдегерлері: боксшылар Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңкабаев, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло, дзюдошы Елдос Сметов, каратэшілер Дархан Есаділов пен Софья Берульцева, сондай-ақ еркін күрестен палуан Нұрислам Санаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети