23 шілде 2020 17:48

Токио Олимпиадасының ашылуына дейін кері санақ басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алдағы жазғы Ойындардың астанасында Олимпиада-2020 ашылуына дейін кері санақ басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic сайтына сілтеме жасап.


Алдағы жазғы Ойындардың астанасында Олимпиада-2020 ашылуына дейін кері санақ басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic сайтына сілтеме жасап.

Токиодағы Олимпиада ойындары осы аптада басталуы керек еді. Алайда пандемия салдарынан Ойындар келесі жылға шегерілді. Енді Олимпиада 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейінгі аралықта өтеді. Ал Ойындардың атауы "Токио-2020" болып қала береді.

Өткен аптада ұйымдастырушылар 11 мың атлет қатысатын ойындардың кестесін жариялаған

"Біз Ойындарды жаһандық дағдарысқа сәйкес икемдеуге келістік... Осылайша біз Олимпиада ойындарының мерзімін ауыстыруды адамзаттың бірлік және ынтымақтастық мерекесіне айналдыра аламыз", - деді Халықаралық Олимпиада ойындарының президенті Томас Бах кері санақты бастау сәтінде.

Салтанат санитарлық-эпидемиологиялық шараларға сәйкес Токиодағы Олимпиада стадионынан онлайн көрсетілді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети