Бүгін, 24 тамызда Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа 25 қазақстандық қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 24 тамызда Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа 25 қазақстандық қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Токиода дәстүрлі Олимпиада алауын беру эстафетасы өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы ретінде "Біздің қанатымыз бар" ұраны таңдалды. Одан кейін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына орай шеру өтті, оған 5 мың атлет қатысты.
© REUTERS
"Паралимпиадада Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы бақ сынайды. Паратхэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен өткен Паралимпиада-2016 күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ту ұстаушылар атанды", - делінген хабарламада.
Паралимпиадаға қатысатындар:
- Жүзу - Нұрдәулет Жұмағали, Нұрәлі Советканов, Сиязбек Далиев, Ержан Сәлімгереев, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова;
- Жеңіл атлетика - Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы;
- Дзюдо - Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы;
- Каноэ - Бибарыс Спатай;
- Тхэквондо - Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камила Досмалова;
- Пауэрлифтинг - Давид Дегтярев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Әбдіхалықова, Алина Солодухина;
- Оқ ату - Айсұлу Жұмабаева.
Фото © Reuters және paralympic.kz
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!