11 ақпан 2021 16:13

Токиодағы Олимпиада ойындары төрағасы әйелдер туралы айтқан пікірінен кейін отставкаға кетпек - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының төрағасы, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Йосиро Мори басына түскен жанжалдан кейін қызметтен кетуге ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Kyodo News.


Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының төрағасы, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Йосиро Мори басына түскен жанжалдан кейін қызметтен кетуге ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Kyodo News.

Мори өзінің шешімін ресми түрде 12 ақпанда "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің отырысында жариялауы мүмкін.

Йосиро Мори "әйелдердің қатысатын жиналыс өнімділігіне күмән келтіретінін" және "олар қатысқан спорттық ұйым жиналысы ұзаққа созылатынын" айтқаннан кейін сынға ұшырды. Оның пікірінше, бұл әйелдер қауымының көп сөйлейтіндігіне және әрқайсы өз ойын айтуды міндеті деп санайтынына байланысты.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) төраға мәлімдемесін айыптап, оның сөздерінің Олимпиада қағидаларына қайшы екенін хабарлады. Жапониялық саясаткер өз қатесін мойындап, көпшілік алдында кешірім сұрады. Бірақ бұл Моридің отставкаға кетуі туралы талаптарға тоқтау болмады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ол отставкаға кеткеннен кейін ұйымдастыру комитетін Олимпиада ауылының мэрі және Жапон футбол қауымдастығының (JFA) 84 жастағы бұрынғы басшысы Сабуро Кавабути басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін Жапония билігі Олимпиада ойындарының күшін жою туралы қауесетті жоққа шығарып, Covid-19 пандемиясы кезінде Токиода Олимпиада өткізу ережелерін ұсынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети