18 тамыз 2021 10:14

"Төрт рет сынды". Карими Қазақстандағы гимнастика залдарының жағдайын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ХОК, Владислав Семенов © Фото: ҚР ХОК, Владислав Семенов ©

Токио Олимпиадасында үш рет финалға шыққан қазақстандық гимнаст Милад Карими гимнастиканы барлық спорттың негізі деп санайды. Ол болашақта гимнастарға арналған спорт залдары ашылады деп үміттенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "7 арнадағы" "Студия 7" жобасына сілтеме жасап.


Токио Олимпиадасында үш рет финалға шыққан қазақстандық гимнаст Милад Карими гимнастиканы барлық спорттың негізі деп санайды. Ол болашақта гимнастарға арналған спорт залдары ашылады деп үміттенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "7 арнадағы" "Студия 7" жобасына сілтеме жасап.

Жақында гимнаст Instagram-парақшасына залда спортшылардың бірі жаттығу орындап жатқанда гимнастикалық аспа сынып кеткені түсірілген видео жариялады. Карими видео арқылы қазақстандық гимнастика залдарында спортшыларға жағдай жасалмағанын көрсеткісі келмегенін. Ол видео халық арасында осыншалықты талқыланатынын күтпегенін айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

"Қазақстанда жақсы екі зал ғана бар. Ол Алматыда. Ұлттық құрама осында жаттығады. Бұл залда басқа аймақтағы залдарға қарағанда жабдықтар көп.

Гимнастикада бір нәрсе сынатын, құлайтын кездер ойламаған жерден болады. Мен бұл видеоға халық осыншалықты назар аударады деп күткен жоқпын. Өйткені бұл гимнастикалық аспа шамамен төрт рет сынған. Жылына шамамен бір рет гимнастикалық аспалар үзіліп, маған құлаған кездер болған. Мен Корея спорт базасында болдым. Онда көп кешен жаңа технологиямен жабдықталған. Бір түймені басса платформа көтеріледі, яғни төсеніштерді апарудың қажеті жоқ, болашақта бізде де осындай залдар ашыла жатар.

Жақсы зал туралы бала кезден армандаймын. Қазақстанда залдардың көбірек ашылғанын, балалардың көбірек жаттыққанын қалаймын. Өйткені гимнастика - спорттың барлық түрінің негізі", - деді Карими.

Спортшы Олимпиада ойындарынан кейін біраз уақыт демалатынын, көп ұзамай Италияға қалпына келтіру лагеріне баратынын айтты.

"Келесі Олимпиадада бар күшімді жиып, медаль үшін күресемін", - деп гимнаст болашақ жоспарларымен бөлісті.

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиадада Карими үш мәрте финалға өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети