Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Туды Абылайханға тапсырдық

14 Тамыз 2014, 17:07
0
Боксшы Абылайхан Жүсіпов. ©prosportkz.kz
Боксшы Абылайхан Жүсіпов. ©prosportkz.kz
Серік Сәпиев және Абылайхан Жүсіпов Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішевтың қабылдауында. ©vesti.kz
Серік Сәпиев және Абылайхан Жүсіпов Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішевтың қабылдауында. ©vesti.kz

Қытайдың Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстап шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігіне сілтеме жасап. 

"Байрақты бәсекеде еліміздің Туы маған сеніп тапсырылғаны - мен үшін үлкен қуаныш. Туды сеніп тапсырғаны үшін алғыс айтамын және сенімдеріңізді ақтауға тырысамын. Жасөспірімдер Олимпиадасына Қазақстан спортшылары жоғары дайындықпен және мықты құраммен бара жатыр. Жанкүйерлерді жарқын жеңістермен қуантамыз деп ойлаймын", - дейді боксшы Абылайхан Жүсіпов. 

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов 1997 жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ол 8 жасынан бокспен айналысады. Абай Құнанбайұлы атындағы №5 гимназия мектебінің түлегі. 

Шаршы алаңда 60 келіде өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов сәуір айында Болгария астанасы Софияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып, Нанкин жолдамасын иеленген болатын. Нанкин Олимпиадасының жолдамасына ие болғаннан кейін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Абылайхан Жүсіповке "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағын берді

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада 6-28 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтеді.  ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі таратқан ақпарат бойынша, ІІ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 51 спортшы және 20 бапкер барады. 

2010 жылы Сингапурда өткен жасөспірімдер арасындағы І жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан жеткіншектері алты медаль (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) олжалап, жалпы командалық есепте 24-ші орынға ие болған. Нанкинде ел намысын қорғайтын спортшыларға 3 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алу мақсаты қойылып отыр. Егер осы үддеден шығар болсақ, жалпыкомандалық  есепте 15-20-шы орындар арасында көрінуге болады деп жоспарлануда. Ал Олимпиадада топ жарған әрбір спортшыға ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі 15 мың АҚШ долларын береді. Екінші орын алған спортшы 10, ал үздік үштіктен көрінген спортшы 5 мың доллар алады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай