Түркістанда 39 миллион долларға салынған стадион қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда 39 миллион долларға салынған стадион қандай? Фото: Vesti.kz©

Қазақстанда "Түркістан-Арена" атты жаңа стадион пайда болды, онда еліміздің Суперкубогы аясында алғашқы ресми ойындар өтіп үлгерді. Vesti.kz тілшісі спорт ғимаратының сырты мен ішкі көрінісі қандай екенін, оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Репортажда жеті мың орындық стадион тек футболға емес, жеңіл атлетика үшін де салынғаны айтылады. Оның құрылысына 39 миллион доллар жұмсалған.

Кемшілік ретінде автор аренаның екі жағы бос екенін және баспасөзге арналған аймақтың жоғын атап өтті.

Стадион туралы толығырақ ақпарат Vesti.kz видеосында айтылады.

Түркістанда нысанның құрылысы 2019 жылдың ақпанында басталған. 2020 жылдың 30 тамызында ол пайдалануға берілді.

2021 жылдың 2 наурызында "Түркістан-Арена" стадионында алғаш рет матч өтті, онда "Шахтер" мен "Астана" Суперкубок финалына таласты.

Биыл стадион Қазақстан чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болған "Арыс" футбол клубының үй аренасы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети