20 наурыз 2014 15:24

УЕФА-ның кезекті конгресі Астанада өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2013 жылы УЕФА конгрессі Лондонда өткен. Сурет: ru.uefa.org 2013 жылы УЕФА конгрессі Лондонда өткен. Сурет: ru.uefa.org

27 наурыз күні Астанадағы "Тәуелсіздік сарайында" УЕФА-ның кезекті XXXVIII конгресі өтеді, деп хабарлайды, Tengrinews.kz. УЕФА-ның ең жоғарғы басқарушы органы болып табылатын конгрестің ресми жиналысы жылына бір рет шақырылып, оған УЕФА-ға мүше 54 елдің футбол федерациясының өкілдері қатысады. 2012/13 жылғы маусымды қорытындылауға арналған Астанадағы жиналыста күн тәртібінде мынандай мәселелер қаралады: УЕФА президенті Мишель Платинидің есеп беруі; УЕФА-ның атқарушы комитетінің есеп беруі: 2012/13 жылғы ұлттық құрамалары, клубтардың шығындары мен пайдалары, УЕФА жарғысына жаңа заңдарды енгізу. Сондай-ақ жиынға келген футбол шенеуніктері Еуропарламент мүшелері мен түрлі ұйым өкілдері "Ресейде 2018 жылғы Әлем біріншілігін өткізбеу керек", - деген мәселе мен "Газпромның" "кәртамыс құрлықтың" футболына деген ықпалын талқыға салады. Жиын аяқталған соң УЕФА президенті Мишель Платини мен Еуропа футбол одағының бас директоры Джанни Инфантино арнайы брифинг өткізеді. Ал, жиынның алдында, яғни 25 және 26 наурыз күндері Астананың "Rixos President" қонақ үйінде УЕФА-ның атқарушы комитетінің жиналысы болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети