УЕФА Ұлттар лигасы жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА Ұлттар лигасы жобасын мақұлдады Сурет: УЕФА-ның ресми сайтынан

Астанада өтіп жатқан Еуропа футбол одағының (УЕФА) XXXVIII-ші конгресінде барлық делегация мүшелері бірауыздан Ұлттар лигасы деп аталатын жобаны қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өтіп жатқан Еуропа футбол одағының (УЕФА) XXXVIII-ші конгресінде барлық делегация мүшелері бірауыздан Ұлттар лигасы деп аталатын жобаны қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл Еуропа футбол одағы аясындағы Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Еуропа біріншілігінен кейінгі төртінші ірі жобасы. Ұлттық құрамалар қатысатын аталмыш турнир 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем біріншілігінен кейін ұйымдастырылып, төрт жылда бір рет өткізіледі. 

Мұндай шешімді елордамыз Астанада өтіп жатқан УЕФА-ның кезекті конгресінде 54 елдің өкілдері бірауыздан қабылдаған. Сондай-ақ жиын барысында Еуропа футболындағы өзге де мәселелер қарастырылды. Атап айтар болсақ, Украина командаларының Ресей біріншілігіне қосылуы, УЕФА-ға мүше елдердің жылдық бюджеті, УЕФА Жарғысына өзгертулер енгізу мәселелері талқыланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.35  course down  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети