UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен АҚШ өкілі Тони Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігін әлі де қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sports Illustrated.
UFC президенті Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов пен АҚШ өкілі Тони Фергюсон арасында жекпе-жек өткізу мүмкіндігін әлі де қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sports Illustrated.
Ресейлік пен америкалық арасындағы жекпе-жек бұған дейін бес рет өтпей қалған. Соңғы рет кездесу коронавирус салдарынан 2020 жылдың наурызында шегерілген еді.
"Егер Хабиб Гэтжиді жеңсе, онда Тони Фергюсонмен жекпе-жек болады, бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Хабибпен бұл жекпе-жек өтеді деп үміттенемін, өйткені мен адамдар оны көргісі келетінін білемін", - деді Уайт.
Нурмагомедов пен Гэтжи арасындағы жекпе-жек 24 қазанда Әбу-Дабидегі "Жекпе-жек аралында" өтеді. Осы турнир аясында екі қазақстандық файтер сегізбұрышқа шығады: Сергей Морозов Хабибтің немере інісі Умар Нурмагомедовпен кездеседі, ал Шавкат Рахмоновтың қарсыласы әлі анықталған жоқ.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!