UFC чемпионы ұйым басшыларының спортшыларды "құлдықта" ұстап отырғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC чемпионы ұйым басшыларының спортшыларды "құлдықта" ұстап отырғанын айтты © fighttime.ru

Америкалық ММА файтері Колби Ковингтон UFC ұйымының басшылығын сынға алды, - деп хабарлайды BJPenn.com

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық ММА файтері Колби Ковингтон UFC ұйымының басшылығын сынға алды, - деп хабарлайды BJPenn.com

"UFC өз кәсібін құлдық еңбектің арқасында дөңгелетіп отыр. Олар спортшыларға ақша төлегісі келмейді, себебі оларға біздің кедей болып жүргеніміз тиімді. Бізге октагонға қайта қайта оралуға тура келеді және жылына кем дегенде алты рет шығуға мәжбүрміз", - деді спортшы. 

Ковнгтонның айтуынша, промоушенге миллиондаған доллар алып келген, алайда өзі осы соманың тек 2-3 пайызын ғана алған. "Олар осы ақшаның барлығын қалтаға басқаннан басқа ештеңе білмейді, ал маған ештеңе қалмайды", - деп түйіндеді ол. 

Ковингтон жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол осы салмақ дәрежесінде UFC уақытша титулын иеленген. Спорттық мансабында 16 кездесу өткізіп, 15 рет жеңімпаз атанған. Соңғы рет ол 4 тамызда октагонға шығып UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Робби Лоулерді жеңді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети