Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен әлі де жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, алайда, бұл үшін бірнеше шарт орындалу керек, - деп жазады Vesti.kz.
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен әлі де жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, алайда, бұл үшін бірнеше шарт орындалу керек, - деп жазады Vesti.kz.
"Күнде жаттығамын. Қазір мен UFC-дегі ең жарық жұлдызбын. Жеңілмеген және шүбәсіз чемпионмын. Бұл қатардағы жекпе-жек емес. Жекпе-жекке дейін 16 күн қалғанда мен өтетін орынды да білмеймін. Бұл кәсібилік емес. Тони Фергюсон да өтетін орынды атамаса, келісімшартқа қол қоймайтынын айтқан. Алайда бұған ешкім мән бермеді.
Ұшып келу, бейімделу, джетлаг, жаттығу лагерінің аяқталуы және басқа да дүниелерді есептеу үшін кездесу өтетін орынды білуім қажет. UFC дәл қазір орынды айтса, Ресейден ұшып шыға аламын, жұдырықтасамын. 100 пайыз. Тек орынды атаңдар, мұны Дана Уайтқа күнде айтамын, бірақ ешкім жауап бермейді", - деп келтіреді Нурмагомедовтың сөзін "Чемпионат" порталы.
Спортшы бұл кездесудің жанкүйерлері үшін де, өзі үшін де армандағы жекпе-жек екенін айтады.
"Түсінем, адамдардың көңілі түсті. Көп ақша мен өзге де көп дүние жоғалттым. Мендей ешкім жоғалтқан жоқ. Бұл менің қалдырар мұрам үшін маңызды жекпе-жек болғандықтан мен үшін маңызды, өйткені бұл UFC тарихындағы ең ұлкен жекпе-жек", - деп келтіреді Нурмагомедовтың сөзін "Чемпионат" порталы ESPN журналына сілтеме жасап.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!