UFC-дегі ең мықты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC-дегі ең мықты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді Сурет: Fightnews.info

Америкалық файтер Джон Джонс жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпиондығынан бас тартты. Бұл туралы спортшының өзі Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vestii.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық файтер Джон Джонс жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпиондығынан бас тартты. Бұл туралы спортшының өзі Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vestii.kz.

32 жастағы Джонс титулды жекпе-жекті Доминик Рейес пен Ян Блахович арасында өткізуді ұсынды. 

"Қазір бұл жекпе-жек маған ештеңе бермейді. 2021 жылы олардың кез келгенін ойланбай жеңгенімді көргілерің келсе, айтарсыздар. Ол уақытқа дейін маған ақша төлей алатын шығар", - деп жазыпты спортшы. 

Ал жанкүйерлердің бірінің сұрағына жауап бере отырып, ол титулдан бас тартатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Джонс UFC басшылығын сынап бірнеше жазба қалдырған. Файтердің айтуынша, промоушен басшысы Дана Уайт оның чемпион болғанына қарамастан, ақшасын дұрыс төлемейді.

Джонс UFC-де жартылай ауыр дивизион титулын екі рет жеңіп алған. Екінші рет 2018 жылы болды. Содан бері чемпиондығын үш рет қорғады. Америкалық спортшы UFC ұйымының pound for pound рейтингінде көшбасшы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
UFC
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети