UFC-дің ең мықты файтері промоушеннен кететінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC-дің ең мықты файтері промоушеннен кететінін мәлімдеді Сурет: Fightnews.info

UFC-дің ең мықты файтерлерінің рейтингінде бірінші тұрған америкалық Джон Джонс промоушеннен кететінін мәлімдеді. Спортшы осыған байланысты Twitter желісіндегі парақшасында жазба жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Джонс UFC басшылығымен телефон арқылы сөйлескенін айтады.

"Жартылай ауыр салмақтағы белбеу ресми түрде босады", - деп нақтылады ол.

Спортшы UFC-дегі карьерасын "ғаламат саяхат" деп атап, жанкүйерлері мен қарсыластарына алғыс білдірді. 

Еске салайық, UFC басшылығы мен чемпион арасындағы жанжал жекпе-жек гонорарларына қатысты туындады. Файтер тіпті жартылай ауыр дивизиондағы UFC титулынан бас тартуға дейін барған еді.  

Спорт порталының мәліметінше, ММА-дегі кәсіпқой карьерасында Джонс 28 жекпе-жек өткізіп, екі рет қана жеңілген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети