UFC жекпе-жегінде спортшының құлағы жұлынып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC жекпе-жегінде спортшының құлағы жұлынып қалды Фото: sportingnews.com©

Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша америкалық Макс Гриффин және Рамиз Брахимай жекпе-жекке шыққан. Үшінші раундта Гриффин қарсыласын сол құлағынан ұрып, жұлып ала жаздады. Қақ айырылғаны сонша, құлағы екіге бөлінді.

Ескерту! Видеоны көңілшек адамдарға қарауға болмайды.

Брахимай не болғанын бірден түсінбей, жекпе-жекті жалғастыруға тырысты.

Соңында төреші жағдайдың қиын екенін байқады және Гриффинге техникалық нокаутпен жеңісті берді.

Брахимай UFC-дегі алқашқы жекпе-жегін өткізді. MMA-де барлығы сегіз жеңісі және үш жеңілісі бар. Гриффиннің статистикасы: MMA 6-8 , UFC 4-6.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети