22 мамыр 2020 10:22

UFC жоспарланған екі турнирін өткізбейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allfight.ru © allfight.ru

UFC ұйымы Fight Night сериясындағы екі турнирді өткізе алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


UFC ұйымы Fight Night сериясындағы екі турнирді өткізе алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Cпорт порталының мәліметінше, шоу 20 және 27 маусым Канададағы Саскатун мен АҚШ-тың Остин қалаларында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда оған тағы да коронавирус пандемиясы бөгет болып отыр.

Турнирлер адам көптеп жиналатын шаралар мен сапарға қойылған шектеулер салдарынан шегерілді. Мұның алдында UFC президенті Дана Уайт келесі турнир 30 мамыр Лас-Вегаста өтетінін мәлімдеген.

Еске салайық, UFC екі аптада үш турнир өткізіп үлгерді: 9 мамырда UFC 249, 14 мамырда UFC Fight Night 171, ал 16 мамырда UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Бұл жарыстың барлығы Джексонвилл қаласында өткен болатын.

30 мамырдағы турнирдің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Тайрон Вудли мен Гилберт Бернс жұдырықтасады деп жоспарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети