UFC компаниясы төрт миллиард долларға сатылды. Vesti.kz cайты BoxingScene.com порталына сілтеме жасай отырып, сатып алушы ретінде WME-IMG компаниясы екендігін хабарлады.
UFC компаниясы төрт миллиард долларға сатылды. Vesti.kz cайты BoxingScene.com порталына сілтеме жасай отырып, сатып алушы ретінде WME-IMG компаниясы екендігін хабарлады.
БАҚ-тың мәліметі бойынша, бұл келіссөз спорт тарихындағы ең көлемдісі болып отыр. Барлық қажетті құжаттарға сенбі күні Лас-Вегаста (АҚШ) қол қойылған.
UFC бас директоры Лоренцо Фертитта және ұйымның президенті Дана Уайт өздеріне компанияға түсетін табыстың аз бөлігін иемденіп отырады. Сондай-ақ, Уайт промоушеннің президенті қызметінде қала береді.
Еске сала кетейік, Zuffа жеке компаниясы UFC-ді 2001 жылы екі миллион долларға сатып алған болатын.