02 желтоқсан 2018 | 09:29

UFC турнирінде өнер көрсеткен этникалық қазақ жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Исмағұловтың қарсыласы австралиялық Алекс Горджес болды. Олардың жекпе-жегі Австралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өтті. Олардың кездесуі үш раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды. 

Исмағұлов октагонға қазақша әнмен және Ресей және Қазақстанның туларымен шықты. 

27 жастағы Исмағұлов ММА ережесі бойынша өткізген 17-ші жеңісі. 23 жастағы Горджес болса бірінші рет жеңілді, бұрындары ол жеті кездесу өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. 

Исмағұлов Орынборда дүниеге келген, тарихи отанында өткен жарыстарда ол Қазақстан туымен жығып жүрді. UFC ұйымына өткенге дейін ол M-1 Global ресейлік промоушеннің чемпионы болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети