UFC турнирінің басты кездесуі бірінші раундта нокаутпен аяқталды

15 Қыркүйек, 11:48
0
UFC турнирінің басты кездесуі бірінші раундта нокаутпен аяқталды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Ванкуверде UFC Fight Night 158 турнирінің басты кездесуінде америкалық Джастин Гэтжи мен Дональд Серроне төбелесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Гэтжи қарсыласына оң қолымен соққы дарытып, Серронені есеңгіретіп, артынша шабуылды үдете түсті. Осы кезде рефери араласып, кездесуді тоқтатты. Осылайша, Джастин мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. 

Гэтжи спорттық мансабын 2011 жылы бастап, 22 кездесудің 20-нда жеңіске жетіп, екеуінде жеңілді. UFC, WSOF, RC сынды турнирлерде өнер көрсетті. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай