ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 желтоқсан 2016 16:17
UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың Алматыға келуі халықты дүрліктірді
Аралас жекпе-жектен ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовты? Алматы?а келуі халы?ты бір д?рліктірді, - деп жазады Vesti.kz.
Аралас жекпе-жектен ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың Алматыға келуі халықты бір дүрліктірді, - деп жазады Vesti.kz.
"Мен Алматыға осыған дейін де келгенмін. Шақырту алғанда бірден келістім. Кестем тығыз, бірақ мұнда келуге уақыт таптым. Сіздерге көп рақмет! Әрдайым жылы қарсы аласыздар!" - дейді Нурмагомедов.
Мұның алдында 12 желтоқсан күні Нурмагомедовтың Алматыға келіп, диалог-семинар өткізетіні хабарланған болатын. Семинарды Нурмагомедовпен қатар Абубакр Нурмагомедов, Зубайра Тухугов және Ислам Махачев жүргізеді.
Еске салайық, өзінің соңғы жекпе-жегін Нурмагомедов қарашаның ортасында Нью-Йоркте өткізді. UFC 205 турнирінде Нурмагомедов америкалық Майкл Джонсонды үшінші раундта жеңіп, UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды балапан деп мазақтап, жекпе-жекке шақырды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу