07 желтоқсан 2016 11:35

МакГрегорды "балапан" деп мазақтаған Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ToFight.Ru © ToFight.Ru

UFC-де өнер көрсетіп жүрген ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Алматыда семинар өткізеді. Бұл туралы спорт журналисті Григорий Стангрит өзінің твиттерінде жазды.


UFC-де өнер көрсетіп жүрген ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов Алматыда семинар өткізеді. Бұл туралы спорт журналисті Григорий Стангрит өзінің твиттерінде жазды.

Семинар 12 желтоқсан күні Алматыдағы Royal Tulip қонақүйінде өтеді. Шара сағат 15:00-де басталады және кіру тегін.

Семинарды Нурмагомедовпен қатар Абубакр Нурмагомедов, Зубайра Тухугов және Ислам Махачев жүргізетін болады.

Еске салайық, өзінің соңғы жекпе-жегін Нурмагомедов қарашаның ортасында Нью-Йоркте өткізді. UFC 205 турнирінде Нурмагомедов америкалық Майкл Джонсонды үшінші раундта жеңіп, UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды балапан деп мазақтап, жекпе-жекке шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети