Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина елге оралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина елге оралды Фото: Тұрар Қазанғапов

Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбі, 11 шілдеде Нұр-Сұлтанға келді. Елорда әуежайында спортшыны туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбі, 11 шілдеде Нұр-Сұлтанға келді. Елорда әуежайында спортшыны туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан сені мақтан тұтады", - деп жазылған плакатты ұстаған жас жанкүйерлерге теннисші қолтаңба қалдырды. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары - қымыз бен бауырсақтан дәм татты.

"Мені қолдаған, осында келген баршаңызға алғысым шексіз. Ертең баспасөз жиыны өтеді, барлық сұраққа қуана жауап беремін. Келгендеріңізге көп рақмет!" - деді спортшы.

Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Рыбакина сейсенбі, 12 шілде 15:00-де Нұр-Сұлтандағы The Ritz-Carlton-да журналистерге баспасөз мәслихатын өткізеді, содан кейін жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.

Еске салайық, Рыбакина Уимблдонда әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен бас жүлдені сарапқа салған болатын. 1 сағатқа созылған кездесуде жерлесіміз үш сетте 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course down  588.2  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети