Украина 2015 жылғы Еуробаскет турнирінен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина 2015 жылғы Еуробаскет турнирінен бас тартты Сурет: sport.ua

Елдегі саяси тұрықсыздыққа байланысты Украина 2015 жылғы Еуробаскет турнирінен бас тартты. Бұл туралы турнирдің директоры Маркиян Лубкивский айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Мұндай ірі додалардың өткізу үшін бірінші кезекте нақты жоспар болу керек. Сонымен қатар көптеген адамдармен ақылдасу қажет. Ал елдегі экономикалық және саяси жағдайларға байланысты Еуробаскет-2015-ке дайындалу мүмкін болмай отыр. Сондықтан да біз бұл турнирден бас тартамыз", - дейді Евробаскет-2015 турнирінің директоры Маркиян Лубкивский. "Бұл жағдайларға байланысты Украина мемлекеті мен Украина баскетбол федерациясы Еуропа баскетбол федерациясына 2015 жылғы баскетболдан өтетін Еуропа біріншілігін басқа елде өтткізіп, ал 2017 жылғы біріншілікті қайта Украинаға берулеріңізді сұрайды", - дейді ол. Айта кетейік, Украинадағы саяси жағдайларға байланысты өткен аптада Украина баскетбол федерациясы Евробаскет-2015 додасының бюджеті жеті есеге қысқарғанын айтқан еді. Бірақ, бюджет қанша қысқарса да, Украина бұл турнирден бас тартпаймыз деп мәлімдеген болатын. Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Қырым тұрғындарының Ресейге қосылуына байланысты дауыс беру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша дауыс бергендердің 97% -ы бұл идеяны қолдады жеп жарияланған еді. Бірақ, батыс елдері оған күмән келтіріп, референдумды ешқашан мойындамайтындықтарын білдірген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети