Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық жекпе-жекті ұлықтап жатырмыз

09 Маусым 2014, 14:11
0
Ұлттық жекпе-жек. Фото: Қуантқан Сапаров
Ұлттық жекпе-жек. Фото: Қуантқан Сапаров

Қазақ және Орта Азия жастары қозғалысының жалынды жетекшісі, көрнекті мемлекет қайраткері Ғани Мұратбаевты еске алуға арналып, Алматыда ұлттық жекпе-жектен жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектер екі минуттан екі раундқа созылды. Егер осы уақыт ішінде жеңімпаз анықталмаса, онда қосымша бір минуттық экстра-раундта айқасуға тура келді.

Ең бастысы, ересектер ережесінен негізгі айырмашылығы – жатқан қарсыласын бастан, беттен тебуге және қолмен ұруға болмайды. Тек кеудеден ұрып-соғуға болады.

Осы турнирде жеңімпаз атанғандар мен жүлдегерлер ұлттық жекпе-жектен еліміздің жасөспірімдер және жастар арасындағы қос құрамасының сапына алынды.

Жалпы, осы жылдың қараша айында жастар арасында Азия кубогын өткізу жоспарланып отыр. Ал 14-15 маусымда Петропавлда ұлттық жекпе-жектен ересектер арасындағы Қазақстан кубогы өтеді.

Нұрбол Мамырбаев, ҚР жекпе-жек федерациясының вице-президенті:

Жасөспірімдеріміз бен жастарымыздың аяқ алыстары жаман емес. Турнир барысында алтын бесік ауылымызда талантты қара домалақтарымыз аз емес екеніне көз жеткіздік. Әсіресе, Алматы облысындағы "Нұра" ауылынан келген жеткіншектердің шымырлығына, шеберлігіне, шыдамдылығына тәнті болдым. Әрине, бұл жас өрендеріміздің барлығы бірдей әлемді мойындатқан атақты спортшы атана қоймас. Бірақ, болашақта елін, жерін сүйетін, Отаны үшін отқа түсетін ержүрек, нағыз жауынгер азамат болып өсетіндігіне сенім мол. Сабыржан Махмет ағамыз бастаған Ұлттық жекпе-жек федерациясының басты көздеген мақсаты да осы.

Айбек Қошанов, турнир жеңімпазы:

– Мен үшін турнир өте сәтті өтті. Әрине, қарсыластарым да осал болған жоқ. Әсіресе, финалда жеңіс үшін көп тер төгуге мәжбүр болдым. Қызылордалық қарсыласымның меннен бойы аласа болғанымен, соққылары пәрменді әрі жақсы күреседі екен. Сондықтан бапкерім онымен негізінен орта қашықтықта айқасуға кеңес берді. Бапкерімнің айтқанын істеп, жеңіске жеттім. Болашақта Азия, әлем чемпионы атансам деген арманым бар.

Ұлттық жекпе-жек.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Ғ.Мұратбаевты еске алуға арналған республикалық турнир. Жеңімпаздар:

1998-1999 жылдары туған жасөспірімдер.

42 келі: Айбек Қошанов (Алматы, "Айя" спорт клубы)
45 келі: Ғани Әділсерік (Қызылорда)
48 келі: Айбол Ахметов (Алматы обл., Алакөл)
51 келі: Ерғали Тұрысбек (Алматы, Қаракерей Қабанбай спорт клубы)
55 келі: Темірлан Оңғаров (Алматы обл., Нұра ауылы)
59 келі: Жарас Исабай (Алматы, Қаракерей Қабанбай с/к)
63 келі: Алмас Әлібек (Алматы, Қаракерей Қабанбай с/к)
67 келі: Ескендір Мергенов (Алматы, "Профи-файт" клубы)
+67 келі: Мұса Афуев (Қаскелең)

1996-97 жылдары туған жастар:

48 келі: Асылбек Мадияров (Қызылода)
51 келі: Райымбек Қабдолов (Ақтөбе)
54 келі: Ержігіт Молдахан (Жамбыл обл., Қордай)
58 келі: Ғабит Кенебаев (Жамбыл обл., Қордай)
62 келі: Елнұр Айсаев (Алматы обл)
66 келі: Еламан Шертаев (Алматы, Қаракерей Қабанбай с/к)
70 келі: Батыр Расаметов (Шымкент)
75 келі: Еркін Дәрмен (Алматы, "Еділ" жекпе-жек клубы)
+75 келі: Шоқан Есмағұлов (Есік қаласы)

Жалпыкомандалық есеп:

1. Алматы обл
2. Жамбыл обл., Қордай ауданы
3. Алматы, Қаракерей Қабанбай спорт клубы


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай