07 ақпан 2014 15:17

Ұлттық құрама капитаны – Николай Антропов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николай Антропов. Фото: hcbarys.kz Николай Антропов. Фото: hcbarys.kz

Шайбалы хоккейден Францияда өтіп жатқан «Еурошақырылым кубогында» Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Николай Антропов болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұлттық құрама мүшелері мен бапкерлер құрамы «Еурошақырылым кубогында» Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны міндетін Николай Антроповқа сеніп тапсырыпты. Оның ассистенттері – Евгений Блохин мен Максим Семенов. Антропов сенімді ақтап, әдеттегідей нағыз көшбасшыға, капитанға сай ойын өрнегін көрсетіп, Франция -Қазақстан кездесуінде екі голдың соғуына тікелей ықпал етті. Айтпақшы, Қазақстан ұлттық құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жеткен бұл матчта біздің команда мына құрамда өнер көрсетті (қақпашы Дмитрий Мальгин қосалқы құрам орындығында отырды): Виталий Колесник; Алексей Литвиненко – Роман Савченко, Михаил Паньшин – Николай Антропов – Роман Старченко; Артемий Лакиза – Алексей Васильченко, Евгений Гасников – Фёдор Полищук – Константин Романов; Евгений Блохин – Максим Семёнов, Михаил Рахманов – Андрей Гаврилин – Алексей Анциферов; Владимир Гребенщиков – Владислав Колесников, Нұрсұлтан Белгібаев – Андрей Спиридонов – Алексей Воронцов. Естеріңізге сала кетейік, «Еурошақырылым кубогына» әр түрлі объективті себептермен Ресей клубтарында ойнайтын Вадим Краснослободцев, Кевин Даллман, Алексей Кузнецов, Алексей Иванов сынды хоккейшілеріміз (қақпашыларымыз) қатыса алмады. Сондай-ақ «Қазцинк-Торпедо» клубындағы ұлттық құрама мүшелері Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы ойындарының бір-біріне іркес-тіркес өтетіндігінен Францияға бара алмай қалды. Сонымен қатар, «Барыс» сапындағы кейбір ойыншылар да әр түрлі себептермен ұлттық құрамамен бірге алғашқы сынға қатыспады. Мысалы, Талғат Жайлауов пен Константин Пушкаревтың елде қалғандары соңғы сәтте ғана мәлім болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети