01 ақпан 2015 23:59

Универсиада-2015: Қазақстан жалпы есепте 2-орынға қайта көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uniorsport.ru ©uniorsport.ru

Қазақстан 2015 жылғы Универсиаданың жалпыкомандалық есебінде екінші орынға қайта көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан 2015 жылғы Универсиаданың жалпыкомандалық есебінде екінші орынға қайта көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

1 ақпан күні Словакияның Осрблье қаласында 2015 жылғы Универсиаданың солтүстік дисциплиналар мен биатлон бойынша жарыстары аяқталды. Бұл сайыстардан Қазақстан құрамасы жеті медальді иеленді: үш алтын, төрт күміс алқа. Нәтижесінде Универсиаданың жалпыкомандалық есебінде қазақстандық спортшылар екінші орынға көтерілді. Ресей құрамасы әлі де алғашқы орында. Оның еншісінде 14 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль бар. Үшінші орынды поляк спортшылары иеленді, олар екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль алған. 

Енді Универсиада- 2015 Испанияның Гранада қаласында жалғасады, қысқы ойындар 14 ақпанда аяқталады. ХХVII қысқы Универсиада биыл жаһандық қаржы дағдарысына байланысты екі елде өтіп жатыр: Испания мен Словакияда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети