06 қазан 2014 | 15:30

Универсиада-2017 дайындығы аясында Алматыға әлемнің үздік шаңғышылары келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты. ©shymbulak.com "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты. ©shymbulak.com

Алматыға әлемнің үздік шаңғышылары келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада-2017-нің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыға әлемнің үздік шаңғышылары келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада-2017-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

2015 жылдың 20-28 ақпанында Универсиада-2017-ге дайындық шеңберінде тау шаңғысынан ерлер мен әйелдер арасындағы "Күміс Эдельвейс" халықаралық чемпионаты өтеді. "Шымбұлақ" кешеніне Германия, Польша, Австрия, Словакия, Чехия, Беларусь, Украина, Канада және басқа да елдерден өкілдер келеді. Ұйымдастырушылар әлем біріншілігін тамашалаушыларға кәсіби шеберлік пен тамаша думанды көрсетпек.

Тау шаңғысы чемпионатының алдында 2014 жылдың 18-21 желтоқсаны аралығында студенттер арасында коньки спортынан әлем біріншілігі өтеді. "Медеу" мұзайдынында өтетін шара Универсиада-2017 ұйымдастыру комитеті үшін де, шараның дайындығына жұмылдырылған басқа ұйымдар үшін де тәжірибе алмасу болмақ.

Бұл чемпионатқа 20 елден 150-ге жуық спортшы қатысады. "Медеу" мұзайдынында әлемнің жүздеген мықты спортшысы өз нәтижелерін жаңартуға дайын. Универсиада-2017 Алматыда өтеді, оның спорт нысандары 2016 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети