Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарламада бірінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиада-2017: Денис Тен қысқа бағдарламада бірінші орын алды Денис Тен. © fs-gossips.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы Универсиада ойындарының бірінші күніндегі қысқа бағдарламада бірінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыдағы Универсиада ойындарының бірінші күніндегі қысқа бағдарламада бірінші орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Отандасымыз өз жаттығуын шеберлік шыңына жеткізе орындап шықты. "Ромео және Джульетта" әуенінің аясында өнер көрсеткен отандасымыз қысқа бағдарламадан кейін 94,91 ұпай жинап, көш бастап тұр.

"Бірінші кезекте керемет қолдау білдірген жанкүйерлеріме алғысымды айтамын. Мен үшін өз отандастарымның алдында, өз отанымда өнер көрсету үлкен құрмет. Универсиада ойындарына ұзақ дайындалдым. Универсиадаға бұған дейін еш жерде көрсетпеген "Ромео және Джульетта" әуенінің аясында жаңа бағдарлама қойдым. Бұл қойылымның өзіндік заманауи ерекшеліктері бар. Сондықтан да "Алматы Аренада" мен әрбір жанкүйерге бұл қойылымның мағынасын ашып бергім келді. Мен бұл сайысқа тек техникалық және әртістік жағынан дайындалған жоқпын. Арнайы киім де дайдадым. Бірінші күннің нәтижесіне көңілім толады", - деді Тен тікелей эфир барысында.  

Сонымен қатар, Денис Тен еркін бағдарламада жанкүйерлерді қалай таңғалдыратынын айтып берді. "Мен ертеңге жақсы бір бағдарлама дайындап отырмын. Жанкүйерлерге керемет шоу көрсетуге уәде беремін", - деді спортшы.

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сынға Денистен өзге еліміздің атынан Абзал Рақымғалиев пен Артур Паникхин қатысты. Абзал 68.25 ұпай жинап, іріктеу кезеңінен өтті. Ал Артур 54.11 ұпаймен еркін бағдарламаны орындау сынына жолдама ала алмады. Еркін бағдарлама кезеңіне өткен 24 спортшы Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан жарыс жеңімпазы қос бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады. Еркін бағдарлама ойындары ертең өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети