Универсиада Алматыдағы жатақхана тапшылығын шешпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиада Алматыдағы жатақхана тапшылығын шешпек ©Тengrinews.kz

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың кейбір спорт нысандары студенттерге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Студенттік спорт ұлттық федерациясының президенті Қайрат Зәкірияновқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың кейбір спорт нысандары студенттерге беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Студенттік спорт ұлттық федерациясының президенті Қайрат Зәкірияновқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, студенттік спорт бойынша халықаралық федерациясының (FISU) "Универсиада мұрасы" атты бағдарламасы бар. "Мәселен, өткен жылы Татарстанның Қазан қаласында жазғы универсиада өткен болатын. Одан студент-жастарға келген пайда қандай? Осы универсиада аясында салынған спорт нысандарының 80 пайызы Татарстанның Поволжск дене шынықтыру және спорт академиясына берілді. Бүгінде татар студенттері қажетті нысандармен 100 пайызға қамтамасыз етілген", - дейді Зәкіриянов. Қазіргі кезде Қазақстанның студенттік спорты ұлттық федерациясы да осы іспетті бағдарламаны даярлап жатыр.

Алматыдағы Универсиада аясында екі ірі нысан салынады. Оның бірі 12 мың орынға арналса, екіншісі 3 мың орынға есептеледі. Сондай-ақ бір Олимпиада қалашығы салынады. Онда спортшы студенттер тұрады. "Универсиададан кейін ол қалашық қала студенттерінің пайдалануына беріледі. Себебі Алматыда жатақхана тапшылығы қатты сезіледі", - деп атап өтті Зәкіриянов.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети