Универсиада дирекциясы жарыстардың кейінге шегерілуіне қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиада дирекциясы жарыстардың кейінге шегерілуіне қатысты түсінік берді © almaty2017.com

Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров Vesti.kz тілшісіне бірнеше жарыстың кейінге шегерілуіне қатысты түсінік берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров Vesti.kz тілшісіне бірнеше жарыстың кейінге шегерілуіне қатысты түсінік берді.

"Таңғы сағат 9-дарда Шымбұлақта шамамен 50 сантиметр қар болды. Өкінішке қарай, ереже бойынша мұндай жағдайда жарыс өткізуге болмайды. Сондықтан әйелдер арасындағы кросс ертеңге ауыстырылды. Ал сноубоурд жарысы екі сағатқа кешігіп басталды. Нәтижелерін білесіздер. Шаңғы қоссайысы да кейінге шегерілді. Себебі шаңғы қоссайысы мен трамплиннен секіру бір күнде өтуі керек болатын. Сондай-ақ, бүгінгі ауа райы биатлон мен шаңғы жарысына да әсер етті", - деді Наиль Нұров.

Еске сала кетейік, бүгін Универсиада-2017 жарыстарының ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілгені хабарланған болатын. Сондай-ақ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескерткен болатын.

Айта кетейік, осыған дейін синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети